Ехоба куәгерлерінде садақаға оннан бір бөлігін беру парызы бар ма?
Ехоба куәгерлерінде садақаға оннан бір бөлігін беру парызы жоқ. Біздің іс-шараларымыз ерікті садақамен қаржыландырылады. Ал оннан бірін беру деген не және неге Ехоба куәгерлері бұлай етпейді?
Мал-мүліктің оннан бірін беріп отыру ежелде Исраил халқына берілген Мұса заңындағы бұйрықтардың біреуі болған. Алайда Киелі кітапта бүгіндегі Құдайдың қызметшілеріне Мұса заңын ұстанудың қажеті жоқ екені жазылған (Еврейлерге 7:5, 18; Қолостықтарға 2:13, 14).
Бүгінде Ехоба куәгерлері І ғасырдағы қызметшілерді үлгі етіп, дүниежүзілік ағарту ісіне келесідей екі жолмен қолдау көрсетеді: біріншісі — ақысыз уағыздау мен тәлім беру, екіншісі — ерікті садақа беру.
Осылайша олар Киелі кітапта жазылған мына бір нұсқауды орындайды: “Әркім жүрек шешіміне қарай, еш қиналмай, зорлықсыз берсін, себебі Құдай қуанышпен беретіндерді жақсы көреді” (Қорынттықтарға 2-хат 9:7).