Мазмұнға өту

Бар қайғы-қасіретке Ібіліс кінәлі ме?

Бар қайғы-қасіретке Ібіліс кінәлі ме?

Киелі кітаптың жауабы

 Киелі кітапта Шайтан Ібілістің шынымен бар екені жазылған. Ол қылмыстық бандының басшысы сияқты, “алдамшы белгілер” мен “алдамшылықты” пайдаланып, өз дегеніне жеткісі келеді. Киелі кітапта ол “өзін жарық періштесі етіп көрсететіні” айтылған (Салоникалықтарға 2-хат 2:9, 10; Қорынттықтарға 2-хат 11:14). Ібілістің шынымен бар екені дүниеге келтіріп жатқан залалынан көрінеді.

 Бірақ қайғы-қасіреттің бәріне Ібіліс жауапты дей алмаймыз. Себебі Құдай Тағала адамдарды жақсы мен жаманды айырып, таңдау жасауға ерікті етіп жаратқан (Ешуа 24:15). Сондықтан жаман іске барып, оның салдарын тартқанда, оған Шайтан емес, өзіміз кінәлі боламыз (Ғалаттықтарға 6:7, 8).