Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

“Күзет мұнарасының” зерттеуден басқа мақалалары

“Күзет мұнарасының” зерттеуден басқа мақалалары

Жариялаушылардың көбі “JW Library”® қосымшасында “Кездесулер” санатына басады да, сол аптадағы зерттеу мақаласына бірден кіріп кетеді. Бірақ “Күзет мұнарасында” рухани ас-суға жататын басқа да мақалалар бар. Оларды “JW Library” қосымшасынан қалай табуға болады?

  • “Күзет мұнарасындағы” зерттеу мақалаларының соңында “Қосымша оқу” деген тақырыпша тұрады. Астында “Осы санның басқа да мақалалары” дегенге басып, журналдың мазмұнына өтіңіз. Онда нөмірі бойынша тізілген зерттеу мақалалары мен басқа да мақалалардың аттары тұрады. Солардың біріне басып, оқи беріңіз.

  • “Күзет мұнарасының” жаңа саны “JW Library” қосымшасының Негізгі бетінде “Жаңалары” деген жерде пайда бола салысымен, жүктеп алыңыз. Сосын мазмұнына қарап шығып, мақалалардың бәрін оқып, кәдеңізге жаратуды мақсат етіңіз.