Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Oleh_Slobodeniuk/E+ via Getty Images

Құдай планетамыз аман қалады деп уәде етеді

Құдай планетамыз аман қалады деп уәде етеді

“Жер біз ойлағаннан да мықты”

Бұл — халықаралық мамандардың климаттың өзгеруі жайлы зерттеулерінде айтқан тұжырымы. Қамқор Жаратушыға сенетін адам бұл тұжырымнан Жер планетасы өз-өзін емдей алатындай етіп жаратылғанын түсіне алады.

Алайда адамдар Жерді құртып жатқаны сонша — өз-өзін қалпына келтіру үшін планетамызға қосымша көмек қажет. Осы орайда Құдай бір шара қолданатынына нық сенімді болсақ болады. Неге?

Қоршауда берілген Киелі жазбалардың үзінділері Жер аман қалатынына, тіпті жайқалып, өркендейтініне сенімімізді арттырады.

  • Жер планетамызды Құдай жаратты. “Әуел баста Құдай аспан мен жерді жаратты” (Мұсаның 1-жазбасы 1:1).

  • Жер планетамыздың иесі — Құдай. “Жер мен ондағының бәрі Ехобаға a тиесілі” (Зәбүр 24:1).

  • Құдай Жер планетамызды жойылмайтын етіп жаратқан. “Жерді берік негізге орнаттың, Ол өз орнынан ешқашан жылжымайды” (Зәбүр 104:5).

  • Құдай Жер планетамыздағы тіршілік мәңгіге жалғасатынын уәде етеді. “Шынайы Құдай Жерді. . . бекерден-бекер емес, мекендеу үшін жаратқан” (Ишая 45:18).

  • Құдай Жер планетамызда адамдар мәңгі өмір сүретінін уәде етеді. “Әділдер жерді мұра етеді, Онда мәңгі бақи өмір сүреді” (Зәбүр 37:29).

Құдай Жерді адамдардың белгілі бір әсеріне қарсы тұра алатын етіп жаратқан. Алайда планетамызды бүлдіріп, оны ашкөздікпен пайдаланатындарға Ехоба Құдай өзі белгілеген уақытта тоқтау салатыны Киелі жазбаларда айтылып кеткен (Аян 11:18).

Ал содан кейін Құдай Жер планетасын әдемі, міні жоқ жайқалған жұмаққа айналдырады, “алақанын ашып. . . барша тіршілік иелерінің қажетін береді” (Зәбүр 145:16).

a Ехоба — Құдайдың есімі (Зәбүр 83:18).