Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Бейтаныс Құдайға сену

Бейтаныс Құдайға сену

Бейтаныс Құдайға сену

ГЕРМАНИЯ тұрғындарының үштен екісі Құдайға сенеді. Алайда мыңдаған адамдардан сеніп жатқан Құдайларының қандай екенін сұрағанда, барлығы әр түрлі жауап берген. “Адамдардың бір-біріне ұқсамайтындығы сияқты неміс халқының да Құдай туралы ойлары әр түрлі” — деп жазады “Фокус” (Focus) журналы. Құдайға сену мақтауға тұрарлық болғанымен, қандай екенін білмей жатып сену өкінішті-ақ.

Германияда ғана емес Еуропаның басқа да жерлерінде Құдайдың кім екенін білмейтіндер бар. Құдай — “құдіретті күш немесе айтып жеткізе алмайтын құпия” деген пікір Австрия, Британия мен Нидерландыда да кеңінен тарағанын, сол жақта жүргізілген сауалнама көрсетіп отыр. Құдай — әсіресе жастарға, солардың ішінде Құдайға сенетіндердің өздеріне де құпия.

Құдайдың қандай тұлға екенін білесіз бе?

Әлдекімді жай білу мен оның қандай тұлға екенін білудің үлкен айырмашылығы бар. Әлдекімді білу — ертедегі ұлы патша, атақты спорт шебері немесе әйгілі киножұлдыз — оның бар екенін білу ғана. Алайда әлдекімнің қандай тұлға екенін білу көп нәрсені білдіреді. Бұл дегеніміз — адамның мінез-құлқының, көзқарастарының, оған ұнайтын я ұнамайтын нәрселердің және оның болашаққа деген жоспарларының қандай екенін білу, таныс болу. Әлдекімнің қандай тұлға екенін білгеннен кейін ғана, онымен жақын қарым-қатынасты дамытуға болады.

Мыңдаған адамдар Құдайдың бар екенін біліп қана қою немесе ол туралы түсініксіз ойда болуды жеткіліксіз деген ойға келді. Олар Құдайды жақыннан тануға тырысып, білімдерін тереңдете түсуде. Бұның оларға пайдасы болды ма? Солтүстік Германияда тұратын Пауыл әйтеуір бір Құдайдың бар екенін білетін. Бірақ бір күні ол Құдай туралы жақсырақ білгісі келеді. Пауыл былай деді: “Құдайдың кім екенін жақыннан тану үшін көп уақыт пен күш жұмсау керек. Бірақ бұның нәтижесі соған тұрарлық. Жаратушымен тығыз қарым-қатынаста болу өміріңді күннен-күнге айтарлықтай жақсартады”.

Құдайды жақыннан танып білу үшін жұмсаған уақытымыз бен тырысқанымыз өзін-өзі ақтай ма? Бұл сұраққа жауапты келесі мақаладан табамыз.

[3-беттегі сөздер]

Әлдекімді жай білу мен оның қандай тұлға екенін білудің үлкен айырмашылығы бар