Нақыл сөздер 2:1—22

  • Даналықтың құндылығы (1—22)

    • Даналықты жасырулы қазынадай іздеу (4)

    • Саналылық аман сақтайды (11)

    • Азғындықтың зардабы (16—19)

2  Балам, егер айтқандарымды тыңдасаң,Өсиеттерімді* қазынадай сақтасаң+,   Құлағыңды даналыққа түрсең+,Жүрегіңді парықтылыққа бұрсаң+,   Сондай-ақ түсінікті шақырсаң+,Парықтылыққа дауыстап үн қатсаң+,   Оларды күміс іздегендей іздей берсең+,Жасырулы қазына қазғандай табуға тырыссаң+,   Сонда Ехобадан қорқудың не екенін білесің+,Құдай туралы білімді табасың+.   Өйткені даналықты Ехоба сыйлайды+,Білім де береді, парықтылыққа да үйретеді.   Шыншыл адам үшін даналықты сақтайды. Ол — мінсіз жүргендердің қалқаны+,   Ол әділет жолын жіті бақылайды,Адал жанның жолын қорғайды+.   Сонда әділдік, әділет пен туралықтың не екенін ұғасың,Жақсылық атаулыны түсінесің+. 10  Даналық жүрегіңе ұялағанда+,Білімнен жаның рақат тапқанда+, 11  Саналылық сені аман сақтайды+,Парықтылық сені қорғайды, 12  Аман сақтау үшін сені жаман жолдан,Жалған сөйлейтін адамнан+, 13  Тура жолдан тайып,Түнек жолына түскендерден+, 14  Жамандық істеп, қуанатындардан,Сұмдық жасап, шаттанатындардан, 15  Қисық жолда жүргендерден,Қулық-сұмдыққа берілгендерден. 16  Аман сақтайды сені бұзылған әйелден,Азғын әйелдің майда тілінен+. 17  Ол жастай қосылған қосағын тастаған+,Құдайының келісімін естен шығарған. 18  Оның үйі өлімге апарар,Ал іздері көрге жетелер+. 19  Оған жолаған жан кері оралмас,Өмір жолына қайта түспес+. 20  Олай болса, жақсылардың жолымен жүр,Әділдердің жолынан тайма+. 21  Өйткені әділдер* жерді мекен етеді,Кінәратсыздар онда тұратын болады+. 22  Ал зұлымдар жер бетінен құрып жоқ болады+,Опасыздар түптамырымен жойылады+.

Сілтемелер

Немесе “бұйрықтарымды”.
Яғни Құдайдың талаптарына сай өмір сүретіндер.