Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Қорытынды

Қорытынды

Ехобаның халқының арасында жүргенде бастан өткерген жанға жағымды сәттерді есіңе алып тұрасың ба? Сондай кездерде, бәлкім, өзіңді жігерлендірген қауым жиналысын, көңіліңе жел берген конгресті, қызметте болған қандай да бір қызық оқиғаны немесе бауырласпен жақсылап әңгімелескеніңді есіңе аларсың. Сен Ехобаны ұмытқан жоқсың. Ол да сені ұмытқан жоқ, адал қызметіңді жылулықпен еске алады. Ехоба сенің қайта оралуыңа көмектескісі келеді, әрі мұны қатты қалайды.

Ол: “Қойларымды өзім іздеп, өзім қамқорлаймын. Бағушының бытырап кеткен қойларын тауып алып, күтіп-баптайтыны іспетті, мен де өз қойларымды солай қамқорлаймын. Оларды... шашырап кеткен жерлерінен жинап алып, құтқарамын”,— дейді (Езекиел 34:11, 12).