Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Қырғызстан

ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ АЙТУЛЫ ОҚИҒАЛАРЫ

Филиалдардың бағышталуы

Филиалдардың бағышталуы

ҚҰРЫЛЫСҚА қатысқан жергілікті және шетелдік ерікті қызметшілер Қырғызстанның астанасы Бішкектегі филиал ғимараттарын жаңартып, кеңейту үшін бір жарым жыл бойы тыным таппай еңбектенді. Құрылыстан кейін бір ай өтісімен-ақ, 2015 жылдың 24 қазанында, бағышталу бағдарламасы болды. 18 Патшалық сарайында және тағы басқа 5 жерде жиналған 3000-нан аса тыңдарман байланыс арқылы бағдарламаны тыңдай алғандарына қатты қуанды. Басқарушы кеңестің мүшесі Стивен Летт “Ехобаға бар жүрегіңмен қызмет ет” деген жігер беретін бағыштау баяндамасын айтты. Келесі күні елдегі жариялаушылардың басым бөлігіне сенім нығайтарлық бағдарлама ұсынылды.

Қырғызстан филиалы

2016 жылы 14 мамырда, сенбі күні, Армениядағы 18 қабатты әдемі үйдің 6 қабатын алып жатқан филиал, сонымен қатар Конгресс сарайы мен Патшалықты жариялаушыларға арналған мектеп өтетін ғимараттар бағышталды. Бағышталуға 6435 адам қатысты. Бағдарлама кезіндегі баяндамаларда Армениядағы Ехоба куәгерлерінің жасаған алғашқы қадамдары сөз етілді. Бәрі ХХ ғасырдың бас шенінде Құрама Штаттардағы армян иммигранттардан басталды. Кейін ісіміз 1970 жылдары әлі Кеңес Одағының қол астында болған Арменияның өзінде жалғасын тапты. Ал жақында ұйымымыз заңды түрде тіркеліп, филиал құрылды. Мұндай елеулі теократиялық жетістіктерге жететініміз келген қонақтардың көбісінің үш ұйықтаса түсіне кірмеген. Келгендердің бәрі Басқарушы кеңестің мүшесі Дейвид Сплэйнмен бірге осы тамаша ғимараттарды бағыштауға келісім бергенде, бұл ең толқытарлық сәт болды.

Армения

Жоғарыда: Армения филиалын бағыштау баяндамасы

Ортада: Бауырластар аптаның соңында өткен арнайы жиында

Төменде: Армян биі қойылған кеш