Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

1-ӘН

Ехобаның қасиеттері

Ехобаның қасиеттері

(Аян 4:11)

  1. 1. Ехоба Әке, даңқтап өзіңді,

    Барша тіршілік паш етер күшіңді.

    Аспан мен Жер мәңгіге шайқалмас,

    Ешкім нұрыңнан шетте қалмас.

  2. 2. Берік орнаған көкте тағың бар,

    Бізге ашқаның — әділ тағылымдар.

    Өмір нәрін Сөзіңнен аламыз,

    Даналығыңа таңғаламыз.

  3. 3. Ал ең бастысы, сүйіп баршаны,

    Бердің сый-тарту, олардың көп саны.

    Есімің мен болмысыңды ізгі

    Айтып жүреміз даңқтап мәңгі.