Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

100-ӘН

Қонақжай болыңдар

Қонақжай болыңдар

(Елшілердің істері 17:7)

  1. 1. Ехоба — пейілін кең жайған Құдай,

    Барлығын сүйеді, еш алаламай.

    Күлімдеген күні, қоңыр салқын желі

    Жүректі қуантып тербейді.

    Жарлы адамдарға игілік жасап,

    Жүреміз көктегі Құдайға ұқсап.

    Қайрымды істерді Әкеміз көреді,

    Қарымтасын мол қып береді.

  2. 2. Жасалған жақсылық адал ниетпен,

    Әкелер жемісін біздер күтпеген.

    Таныс болмаса да, мұқтаж адамдарға

    Қол ұшын береміз қуана.

    Лүдия сияқты боламыз біз де,

    Дейміз: “Қонағым бол, кіріп үйіме”.

    Жердегі халқының шын қонақжайлығын

    Көріп Құдай төгер батасын.