Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

137-ӘН

Ехобаға адал әйелдер

Ехобаға адал әйелдер

(Римдіктерге 16:2)

  1. 1. Сара, Естер, Рут, Мәриям мен Ханна,

    Не деген ақылды, адал жар болған!

    Көңілі Құдайдың оларға толған,

    Есімі бар бәрінің Жазбаларда.

    Аз емес басқа да сенімі зор

    Белгісіз әйелдер тарих қойнауында.

  2. 2. Қайырымды, батыл, ізгі ниетті,

    Сүюден талмайтын бар абзал жандар.

    Көне Жазбаларды ашып қараңдар,

    Әйел заты көп үлгісі тамаша.

    Арамызда бар сондай әйелдер

    Берік сенімдері, көп олар санаса.

  3. 3. Қыз бала, жан ана, әпке, әйелдер,

    Біз үшін бағалы зор еңбектерің,

    Жұп-жұмсақ, жібектей бар мінездерің.

    Жар болсын Ехоба күнде күш беріп.

    Сый алатын күн де жақындады,

    Болсын сенімдерің әрқашан да берік.