Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

36-ӘН

Жүрегімізді сақтайық

Жүрегімізді сақтайық

(Нақыл сөздер 4:23)

  1. 1. Таза сақтайық жүректі,

    Шын өмір бұлағын.

    Құдай оған терең бойлап,

    Ашады бар сырын.

    Арамдық еніп жүрекке,

    Адастырар жолдан.

    Тыңдайық ақыл-сананы,

    Түзу жолда тұрған.

  2. 2. Шын жүректен Ехобаға

    Дұға етіп талмай,

    Мадақтап, алғыс айтайық,

    Істерін ұмытпай.

    Оның сөздерін орындау

    Біз үшін зор парыз.

    Адал сақтайық жүректі,

    Игі болсын әр іс.

  3. 3. Арамдық орнын жүректе

    Бассын таза ойлар.

    Құдай сөзі тамыр жайып,

    Оған терең бойлар.

    Құдай адалды сүйеді,

    Күмән жоқ бұл ретте.

    Шын жүректен қызмет етіп

    Жүрейік ендеше.