Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

68-ӘН

Патшалық тұқымын себейік!

Патшалық тұқымын себейік!

(Матай 13:4—8)

  1. 1. Кәне, Патшалық дәнін сеуіп,

    Үлгі алайық Исадан.

    Өзі көш бастап, шұғыл істі

    Ынта-жігермен атқарған.

    Шындық тұқымы түссе жүрекке,

    Өсіп, берер мол жемісін.

    Адал атқара берейік ендеше

    Мәсіхтің тапсырған бұл ісін.

  2. 2. Сепкен дәндердің өсіміне

    Үлес қосайық аянбай.

    Шындық сөзімен суғарайық,

    Жүрсін ақ жолдан айнымай.

    Ішкі күмән мен өмір қысымын

    Жеңсін деп жәрдем берейік.

    Өнім бергенін олардың қауымда

    Бәріміз қуана көрейік.

(Мат. 13:19—23; 22:37 қараңыз.)