Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

70-ӘН

Лайық адамдарды іздеп табайық

Лайық адамдарды іздеп табайық

(Матай 10:11—15)

  1. 1. Иса уағыздап Патшалық жайында

    Бізге нұсқаулар қалдырған:

    “Ізгі хабарды қабылдауға дайын,

    Шөлдеген жандарды табыңдар.

    Үйге кіргенде татулық тілеңдер,

    Лайық жан қуана қабылдар.

    Құлақ аспаса, сол үйден кетерде

    Аяқ шаңын қағып тастаңдар”.

  2. 2. Қабыл алғаны сендерді қызметте —

    Қабыл алғаны Исаны.

    Ыңғай танытса мәңгілік өмірге —

    Құдайдың жүректі ашқаны.

    Айтар сөздерің еш уайым болмағай,

    Бір Ехоба өзі — Қолдаушың.

    Ізгі хабарды айтарда момынға

    Дәмді сөз болсын жол бастаушың.