Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

83-ӘН

“Үйден үйге”

“Үйден үйге”

(Елшілердің істері 20:20)

  1. 1. Үйден үйге хабар айтып,

    Қала, ауыл, елде.

    Ехобаның қойын іздеп

    Жүрміз барлық жерде.

    Иса Мәсіх бастау берген

    Уағыз кең тарауда.

    Аянбастан үлес қосып

    Жүр ғой кәрі, жас та.

  2. 2. Әрбір үйдің адамдары

    Бізден хабар алар.

    Ехобаны шақырғанға

    Құтқарылу болар.

    Атын оның білмейтіндер

    Шақыра алмайды.

    Әрбір үйге, әр есікке

    Айтамыз сол жайлы.

  3. 3. Үйден үйге Патшалықтың

    Жүрміз сеуіп дәнін.

    Барша жанға паш етеміз

    Құдайдың есімін.

    Естігендер таңдау жасар

    Әркім өзі біліп.

    Момын жанды тауып жүрміз

    Үйден үйге кіріп.