Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

Адамдарды жікке бөлген саясат. Киелі кітапта не делінген?

Адамдарды жікке бөлген саясат. Киелі кітапта не делінген?

 Дүниежүзі бойынша көп елдерде адамдар саяси жағынан жік-жікке бөлінген. 2022 жылы “Пью” зерттеу орталығы 19 мемлекеттің арасында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға қатысқан ересек адамдардың 65%-ның айтуынша, ”олардың елдерінде әртүрлі партияларды жақтайтын адамдардың арасында келіспеушіліктер, тіпті қатты дау-дамайлар болып тұрады”.

 Сіз тұрып жатқан жерде де жағдай осындай ма? Неліктен адамдар осылай жікке бөлінеді? Мұның қандай да бір шешімі бар ма? Бұған қатысты Киелі кітаптың не дейтінін білейік.

Жікшілдіктің тамыры неде?

 Киелі кітапта біз өмір сүріп жатқан “соңғы күндері” адамдардың жаман мінез-құлық танытатыны алдын ала айтылған. Соның кесірінен қазір бірлік пен ынтымаққа қол жеткізу қиынның қиыны болып тұр.

  •   “Соңғы күндері ерекше қиын уақыт болатынын біліп қой: адамдар тек қара басын ойлайтын,.. ымыраға келмейтін болады” (Тімөтеге 2-хат 3:1—4).

 Үкіметтер елді көркейту үшін қанша тырысса да, еңбектері зая кетіп жатыр. Өйткені үкіметке қарсы шығатын адамдар ымыраға келмейтіндіктен, “бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып” проблемаларды шешу тіпті мүмкін болмай отыр. Сондықтан Киелі кітаптағы мына сөздер рас айтылған:

  •   “Адамның адамға билік етуі тек зиян келтіреді” (Уағыздаушы 8:9).

 Десе де Киелі кітапта бұл мәселенің шешімі жазылған. Онда адамзаттың проблемаларын шеше алатын бір билеуші туралы айтылады.

Тізгінді ұстауға лайық билеуші

 Бұл билеуші — Иса Мәсіх. Ода жақсы билеуші болуға қажет қабілет-дарынның бәрі бар. Әлемде бірлік пен ынтымақ орнатуға оның күші де, билігі де жетеді әрі бұлай етуге ықыласы да зор.

  •   “Оның заманында әділ жан өркендейді,.. шартарапта тыныштық болады” (Зәбүр 72:7).

  •   “[Оған] күллі халықтар қызмет етеді” (Зәбүр 72:11).

 Адамзат үшін Исадан асқан билеуші жоқ. Өйткені ол біздің қамымызды ойлайды және бәріне, әсіресе, әділетсіздіктен жапа шеккендерге көмектескісі келеді.

  •   “Патша көмек сұраған жарлы-жақыбайды, Ешбір көмекшісі жоқтар мен бейшараларды да құтқарады. Бейшара мен кедейге жаны ашиды, Жарлылардың өмірін аман сақтайды. Қанаушы мен зұлым билеушіден құндарын өтеп алады” (Зәбүр 72:12—14).

 Иса Мәсіх басқаратын көктегі үкімет, яғни Құдай Патшалығы жайлы және оның сізге қандай игілік әкелетінін, оның билігін қалай қолдай алатыныңыз туралы көбірек біліңіз.