Мазмұнға өту

Киелі рух деген не?

Киелі рух деген не?

Киелі кітаптың жауабы

 Киелі рух — Жаратушының әрекет ету үшін, бір нәрсені іске асыру үшін қолданатын күші (Миха 3:8; Лұқа 1:35). Ол осы күшін кез келген жерге бағыттап, өз ойындағысын жүзеге асырады (Зәбүр 104:30; 139:7).

 Киелі кітаптағы “рух” сөзі еврейдің “руах” пен гректің “пнеума” сөздерінен аударылған. Бұл сөздер көп жағдайда Құдайдың әрекет еткенде қолданатын күшін, яғни киелі рухын білдіреді (Мұсаның 1-жазбасы 1:2). Ал кейде Киелі кітапта олар мына мағыналарды береді:

 Бұл бес мағынаның бәріне ортақ нәрсе — бесеуі де көзге көрінбейді, бірақ әрекеттерінің нәтижесі көрінеді. Құдайдың киелі рухы да “жел сияқты көзге көрінбейді, оның денесі жоқ, бірақ ол — өте қуатты күш” (“An Expository Dictionary of New Testament Words”, У. Е. Вайн).

 Киелі кітапта киелі рух Құдайдың “қолы”, “саусағы” деп те сипатталады (Зәбүр 8:3; Лұқа 11:20 сілтеме; Матай 12:28 салыстырыңыз). Неге бұлай екеніне мысал келтірейік. Ұста қандай да бір бұйым жасап шығару үшін қолымен, саусақтарымен жұмыс жасайды ғой. Сол сияқты Жаратушы да киелі рухы арқылы:

Киелі рух тұлға емес

 Киелі рух жайында Құдайдың “қолы”, “саусағы”, “лебі” деп айтылғаны оның тұлға емес екенін көрсетеді (Мұсаның 2-жазбасы 15:8, 10). Мысалы, ұстаның қолы оның денесінен, ақыл-санасынан дербес қимылдамайды. Дәл солай киелі рух та Құдайдан тәуелсіз емес, ол тек Жаратушының қалауы бойынша әрекет етеді (Лұқа 11:13). Құдайдың рухы Киелі кітапта ағын суға да теңеледі және ол сенім, білім сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Осының бәрі киелі рухтың тұлға емес екенін көрсетеді (Ишая 44:3; Елшілердің істері 6:5; Қорынттықтарға 2-хат 6:6).

 Киелі кітапта Ехоба Құдайдың, оның Ұлы Иса Мәсіхтің есімдері бар. Бірақ киелі рухтың есімі мынандай деп еш жерінде жазылмаған (Ишая 42:8; Лұқа 1:31). Мәсіхшілік жолды ұстанған Степан деген кісі ғажайып түрде көктің ашылғанын көргенде, үш емес, тек екі тұлғаны көрген. Бұл жайында Киелі кітапта: “Киелі рухқа кенелген Степан көкке көз тігіп, Құдайдың салтанаты мен оның оң жағында тұрған Исаны көрді”,— делінген (Елшілердің істері 7:55). Ал киелі рух ше? Киелі рухты Құдай Степанға осы көріністі көрсету үшін қолданған болатын.

Киелі рух туралы қате пікірлер

 Бірінші қате пікір. Киелі кітаптың “Жаңа өмір” баспасында Жоханның 1-хаты 5:7, 8-ден көрінетіндей, киелі рух — тұлға, Үшбірліктің біреуі.

 Шындық. Киелі кітаптың “Жаңа өмір” баспасында Жоханның 1-хаты 5:7, 8 тармақтарға мынандай сілтеме берілген: “Көкте Үшеу куәлік береді: Әке, Сөз және Киелі Рух. Осы Үшеуі бірлікте. Жерде де Үшеу куәлік береді”. Бірақ ғалымдар елші Жохан бұл сөздерді жазбағанын, сондықтан бұлар Киелі кітаптың сөздері емес екенін анықтады. Профессор Брюс Мецгер былай деп жазды: “Бұл сөздер жалған, сондықтан олар Жаңа өсиетте тұрмау керек” (“A Textual Commentary on the Greek New Testament”).

 Екінші қате пікір. Киелі рухтың Киелі кітапта тұлғаланып сипатталғаны оның тұлға екенін дәлелдейді.

 Шындық. Киелі кітапта Құдайдың рухы кейде тұлға сияқты сипатталатыны рас. Мысалы, Иса киелі рухты “көмекші” деп тұлғаландырып, оның еститінін, сөйлейтінін, шындықты ашатынын, бағыт беретінін, алдағы жайттарды білдіретінін айтқан (Жохан 16:7—15). Бірақ бұл оны тұлға деп қабылдауға негіз емес. Себебі Киелі кітапта даналық, күнә мен өлім де солай сипатталады (Нақыл сөздер 1:20; Римдіктерге 5:17, 21). Мысалы, даналықтың “істері” бар, ол есік кіреберістерінде “жар салады”, ал күнә сұқтанудың небір түрін оятады, еліктіріп, өлімге ұшыратады деп жазылған (Матай 11:29; Нақыл сөздер 8:3; Римдіктерге 7:8, 11).

 Үшінші қате пікір. Шомылдыру рәсімінің киелі рухтың атынан жасалатыны оның тұлға екенін дәлелдейді.

 Шындық. Киелі кітапта кейде “біреудің атынан” деген тіркес сол тұлғаның күші және дәрежесі бар екенін білдіреді (Мұсаның 5-жазбасы 18:5, 19—22; Естер 8:10). Бірақ “атынан” деген сөз тек тұлғаға қатысты айтылмайды. Мысалы, қазақ тілінде “заңның атынан”, “махаббаттың атынан” деп айтыла береді, бірақ бұл ол нәрселердің тірі жан екенін білдірмейді ғой. Сол сияқты киелі рухтың атынан шомылдыру рәсімінен өткенде, адам сол рухтың күшін және Құдай сол рухы арқылы өз қалауын орындайтынын мойындайды (Матай 28:19).

 Төртінші қате пікір. Исаның елшілері де, алғашқы шәкірттері де киелі рухтың тұлға екеніне сенген.

 Шындық. Бұл пікірді Киелі кітап та, тарих та қолдамайды. “Британ энциклопедиясында” былай деп жазылған: “Киелі рух Құдайға ұқсайтын дара тұлға деген ұғымды б.з. 381 жылы Константинополь кеңесі қабылдаған”. Ал бұл — елшілердің ең соңғысы қайтыс болғаннан 250 жылдан астам уақыттан кейін болған жағдай.