Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Бақытқа жеткізер ақыл-кеңестер

Бақытқа жеткізер ақыл-кеңестер

“Мына әлемде соғыс, ашаршылық, ауру-сырқау, балаларға қорлық көрсету сияқты жаманшылық жайлап жатқанын көргенде, жүрегім қатты сыздайды. Бір жақсысы — мұның жалғаса бермейтінін білемін” (РАНИ) *.

Рани құдіретті Жаратушымыз адамдарға дана кеңестер беретінін білгенде, өзін шын бақытты сезінді. Құдайдың ақыл-кеңестері мына жағдайларда қалай сіздің де кәдеңізге жарайтынын осы журналдан оқып көріңіз:

  • отбасын бақытты етуге;

  • басқалармен жақсы қарым-қатынаста болуға;

  • барға қанағат етуге;

  • қайғы-қасірет пен өлімнің басты себебін түсінуге;

  • нұрлы келешекке үміттенуге;

  • Жаратушымызды танып-біліп, оған жақын болуға.

Сондай-ақ осы журналдан Жаратушымыз бұл ақыл-кеңестерді тек шектеулі адамға емес, білгісі келетіндердің бәріне ұсынатынын білесіз.

^ 2-абзац Бұл журналдағы есімдер өзгертілген.