Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | СІЗ ҚҰДАЙҒА ЖАҚЫНДАЙ АЛАСЫЗ

Бұдан артық өмір жолы жоқ!

Бұдан артық өмір жолы жоқ!

Сіз Құдайға жақын болу үшін не істей аласыз? Біз Құдайға жақындауға көмектесетін бірнеше қадамдарды қарастырдық. Олар:

  1. Құдайдың Ехоба деген есімін білу және қолдану;

  2. Құдайға дұға айту және оның Сөзі Киелі кітапты оқу арқылы онымен жүйелі түрде сөйлесу;

  3. Әрқашан Ехобаны қуантатын нәрселер істеу.

Құдайға келесі жолдармен жақындаңыз: оның есімін қолданыңыз, оған дұға етіңіз, оның Сөзін зерттеңіз, Құдайды қуантатын нәрселер істеңіз

Жоғарыдағы қадамдарды ескерер болсақ, сіз Құдайға жақындауға қажетті нәрселерді жасап жүрмін деп айта аласыз ба? Әлде осы орайда жақсартуды қажет ететін жақтарыңыз бар ма? Әрине, біраз күш салу керектігі түсінікті, бірақ бұның қандай нәтижелерге жеткізетініне назар аударыңызшы.

Дженифер (АҚШ) былай дейді: “Құдаймен жақын қарым-қатынас дамытуға жұмсалған әрбір күш бекер емес. Өйткені бұл қарым-қатынас көптеген баталарға кенелтеді: Құдайға көбірек арқа сүйейтін боласың, оның болмысын тереңірек түсінесің, ал, ең бастысы, оған деген сүйіспеншілігің арта түседі. Бұдан артық өмір жолы жоқ!”

Егер Құдаймен жақын қарым-қатынас орнатқыңыз келсе, Ехоба куәгерлері сізге қол ұшын беруге қуанышты болады. Олар сізбен келісіп, Киелі кітапты тегін зерттеу сабағын өткізе алады. Сондай-ақ сізді жергілікті Патшалық сарайында өтетін Киелі кітапты зерттеуге арналған кездесулерге шақырамыз. Мұнда сіз Құдаймен жақын қарым-қатынастарын аса жоғары бағалайтын адамдармен танысып, араласа аласыз *. Осылай етер болсаңыз, “Құдайға жақын болғаным қандай игі!” деп айтқан забур жыршысы іспетті сезімге бөленетін боласыз (Забур 72:28).

^ абзац 9 Киелі кітап зерттеу сабағын бастағыңыз немесе жақын маңдағы Патшалық сарайының мекенжайын білгіңіз келсе, осы журналды әкелген адаммен байланысыңыз, я болмаса біздің www.ps8318.com веб-сайтымызға кіріңіз. Сайттың “НЕГІЗГІ БЕТІНІҢ” төменгі жағындағы “БАЙЛАНЫС” бөлімін қараңыз.