Мазмұнға өту

Мазмұнын көру


Бұл кітаптың көп пайдасы тию үшін

Бұл кітаптың көп пайдасы тию үшін

Алдымен, осындағы мәліметтерді шолып, сосын БЕЙНЕРОЛИКТІ көріңіздер.

САБАҚТЫҢ БАСЫ

Әр сабаққа дайындалу үшін, алдымен сабақтың басындағы мәтінді оқыңыз. Қалың қаріппен жазылған А) сұрақтар мен Ә) Киелі кітап тармақтары басты ойларды айқындайды. Тармақтардың кейбірі “оқыңыз” деп белгіленген.

САБАҚТЫҢ ОРТАСЫ

Б) “Тереңірек үңіліңіз” деген жердің төменінде әрі қарай не қарастырылатыны түсіндіріледі. Ал В) тақырыпшаларда негізгі ойлар жазылған. Тәлімгермен бірге тармақтарды оқыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз және бейнероликтерді көріңіз.

Сабақтағы БЕЙНЕРОЛИКТЕР МЕН АУДИОЛАР сізге қарастырып жатқан мәтінді тереңірек түсінуге көмектеседі. Кейбір бейнероликтерде өмірде шын болған жағдайлар көрсетіледі. Ал басқалары қойылым түрінде түсірілген. Ондағы оқиғалар мен адамдар өмірден алынбағанмен, олар шын өмірде болатын жағдайларды суреттейді.

Г) Суреттер мен жазуларды мұқият қарап шығыңыз және Ғ) “Кейбіреулердің айтатыны” деген жердегі пікірлер мен сұрақтарға қалай жауап беруге болатынын ойлап көріңіз.

САБАҚТЫҢ СОҢЫ

Д) “Түйіндеме” мен “Қайталау” сабақты қорытындылайды. Сабақты бітірген күніңізді жазып қойыңыз. Е) “Мақсат” деген жерде тапсырма беріледі. Ж) “Қосымша ізденіңіз” деген жерде оқуға және көруге арналған көбірек мәлімет бар.

Киелі кітап тармақтарын қалай табуға болады?

Киелі кітап 66 кішігірім кітаптан тұрады. Ол екі бөлікке бөлінген. Бірінші бөлігі еврей және арамей тілінде жазылған, ал екіншісі грек тілінде жазылған.

Осы кітапта қандай да бір тармақ көрсетілсе, алдымен А) кітаптың атауы, сосын Ә) тарау, ал кейін Б) тармақ я тармақтар тұрады.

Мысалы, Аян 21:3 деген Аян кітабының 21-тарауының 3-тармағын білдіреді.