Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

2-САБАҚ

Киелі кітап нұрлы үміт сыйлайды

Киелі кітап нұрлы үміт сыйлайды

Дүниенің қай бөлігінде тұрмасын, адамдар әртүрлі қиындықтардың кесірінен қайғырып, уайымға салынып, тіпті дертке шалдығып жатады. Осындай жағдай сіздің де басыңызға түскен бе? Мүмкін, сіз аурудан немесе жақын адамыңыз қайтыс болғандықтан қиналып жүрген шығарсыз. Сондайда сізде “өміріміз жақсара ма өзі?” деген сұрақ туар. Бұл сұраққа Киелі жазбаларда көңілге жұбаныш беретін жауап бар.

1. Киелі жазбалардың берер үміті қандай?

Киелі жазбалар адамзаттың қиындықтан неге көз ашпай жатқанын түсіндіреді. Сондай-ақ оның бізге айтар жақсы хабары да бар: жақында осы қиыншылықтар атымен болмайды. Киелі жазбалардағы уәделер сізге “жарқын болашақ пен үміт сыйлайды” (Еремия 29:11, 12 оқыңыз). Бұл уәделер бізге қазіргі қиындықтарды еңсеруге, өмірге жақсы көзқараспен қарауға және мәңгі таусылмас бақытқа қол жеткізуге көмектеседі.

2. Киелі жазбалар қандай болашақты уәде етеді?

Киелі жазбалар “енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайтын” заман келеді деп уәде етеді (Аян 21:4 оқыңыз). Сол кезде адамның үмітін сөндіретін кедейлік, әділетсіздік, ауру мен өлім сияқты қиындықтар болмайды. Адамдар жер бетінде орнайтын жұмақта мәңгі жасап, өмірдің рақатын көреді.

3. Киелі жазбалардағы уәделердің орындалатынына қалай көз жеткізуге болады?

Көп адам алдан жақсылық күтеді, бірақ үміттері ақталатынына сенімсіз. Ал Киелі жазбалардағы уәделер сөзсіз орындалады. Мұның растығына көз жеткізу үшін “Жазбаларды мұқият зерттесек болады” (Елшілердің істері 17:11). Киелі жазбаларды оқып-зерттеп жатқанда, болашаққа қатысты уәделеріне сенуге бола ма, жоқ па — соны өзіңіз үшін анықтай аласыз.

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Киелі жазбалардағы болашаққа қатысты кейбір уәделерді қарастырайық. Ондағы үміт бүгінде адамдарға қалай көмектесіп жатқанын көрейік.

4. Мамыражай заманда мәңгі жасаймыз

Киелі жазбалардағы уәделердің кейбірі төменде келтірілген. Оқып, танысып көріңіз. Сізге қайсысы әсіресе ұнады? Неге?

Уәделердің қасындағы тармақтарды оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Бұл тармақтар сізге үміт сыйлай ма? Сіздің ойыңызша, осы сөздер отбасыңызға және достарыңызға да үміт бере ме?

Мынадай дүниеде өмір сүріп жатқаныңызды елестетіңізші:

ЕШКІМ...

ӘРБІР АДАМ...

  • қайғырмайды, қартайып, өлмейді (Ишая 25:8).

  • жер бетінде қайта тірілген жақындарымен қауышады (Жохан 5:28, 29).

  • денсаулығы мықты болып, бойына жастық шақтың күш-жігері құйылады (Әйүп 33:25).

  • жаман нәрселерді ойлап не еске алып қиналмайды (Ишая 65:17).

5. Құдай Сөзіндегі үміт алға жетелейді

Айналасындағы қиындықтарды көргенде, көп адамның еңсесі түсіп, тіпті ызасы келеді. Ал кейбіреулер жағдайды жақсарту үшін барын салып күреседі. Киелі жазбалардағы үміт сыйлайтын уәделер адамдарға қазір қалай көмектесіп жатқанын біліңіз. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Бейнероликте қандай әділетсіздік Рафиканың жанына батты?

  • Бұл әділетсіздік жойылмаса да, Киелі кітап оған қалай көмектесті?

Құдай Сөзіндегі болашаққа деген үміт бізге көңілімізді түсірмеуге және қиындыққа мойымауға көмектеседі. Нақыл сөздер 17:22 мен Римдіктерге 12:12 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Киелі жазбалардағы үміт беретін сөздер өміріңізді қазір жақсарта ала ма? Неге?

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Киелі кітаптағы уәделер ертегі сияқты естіледі екен”.

  • Киелі кітаптағы уәделердің орындалатынына дәлел іздеу неге маңызды деп ойлайсыз?

ТҮЙІНДЕМЕ

Киелі жазбалар болашағымыз жарқын болады деп уәде етеді. Бұл бізге алға үмітпен қарауға, қиындықтарға төтеп беруге көмектеседі.

Қайталау

  • Неге адамдар үмітке зәру?

  • Киелі жазбаларда болашақ жайлы не айтылған?

  • Болашаққа үмітіңіз бар болса, бұл сізге қазір қалай көмектеседі?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Болашаққа деген үміт созылмалы дертке шалдыққандарға қалай демеу болатынын біліңіз.

“Созылмалы аурудың кезінде Киелі кітаптың көмегі бар ма?” (jw.org сайтындағы мақала)

Мына бейнебаянды тамашалаған кезде, өзіңіздің және отбасыңыздың Киелі кітап уәде еткен жұмақта өмір сүріп жүргенін елестетіңіз.

“Иә, көз алдымда” (3:37)

Киелі кітаптағы болашаққа қатысты үміт жайлы білгенде, қоғамның белсенді мүшесі болған бір адамның өмірі қалай өзгергенін оқып көріңіз.

“Енді мен дүниені өзгертуім керек деген ойда емеспін” (“Күзет мұнарасы”, 1 шілде, 2013)