Құдайдан келген қуанышты хабар

Құдайдан келген бұл қандай хабар? Неге бұл хабарға сенуге болады? Бұл кітапша Киелі кітапқа қатысы бар сұрақтарға жауап береді.

Бұл кітапшаның сіз үшін қандай пайдасы бар?

Осы кітапшаның көмегімен сіз Құдай Сөзі — Киелі кітаптан білім ала аласыз. Қалың қаріппен берілген сұрақтардың жауабын әр абзацтың соңында көрсетілген Киелі кітап тармақтарынан табуға болады.

САБАҚ 1

Бұл қандай қуанышты хабар?

Құдайдан қандай хабар келгендігін және оның маңыздылығын, сондай-ақ не істеуіңіз керектігін біліңіз.

САБАҚ 2

Шынайы Құдай кім?

Құдай Тағаланың есімі бар ма? Құдай біздің қамымызды ойлай ма?

САБАҚ 3

Қуанышты хабардың Құдайдан екенін қайдан білеміз?

Киелі кітаптағы хабардың шынайы екенін қайдан білеміз?

САБАҚ 4

Иса Мәсіх деген кім?

Исаның не үшін өлгенін, төлемнің не екенін және Исаның қазір не істеп жатқаны жайлы біліңіз.

САБАҚ 5

Құдайдың жерге қатысты ниеті қандай?

Киелі кітапта Құдайдың жерді не үшін жаратқаны, қайғы-қасіреттің болмайтыны, болашақта жер бетінің қандай болатыны және оның тұрғындарын қандай өмір күтіп тұрғаны түсіндірілген.

САБАҚ 6

Қайтыс болған адамдар үшін қандай үміт бар?

Өлген адаммен не болады? Қайтыс болған сүйікті адамдарымызбен бір кездері қайта көрісеміз бе?

САБАҚ 7

Құдай Патшалығы деген не?

Құдай Патшалығының Патшасы кім және бұл Патшалық нендей істерді атқарады?

САБАҚ 8

Құдай қайғы-қасіретке неге жол беріп отыр?

Зұлымдық қалай бастау алды? Құдай оның жалғаса беруіне неге жол берді? Қайғы-қасіреттің жойылатын кезі келе ме?

САБАҚ 9

Отбасыңыз қалай бақытты бола алады?

Бақытты Құдай Ехоба отбасылардың бақытты болғанын қалайды. Киелі кітаптағы күйеулер мен әйелдерге, ата-аналар мен балаларға арналған тиімді кеңестерді біліңіз.

САБАҚ 10

Шынайы дінді қалай анықтауға болады?

Шынайы дін біреу ғана ма? Шынайы дінді ерекшелендіретін бес жайтты қарастырайық

САБАҚ 11

Құдай заңдарының біз үшін қандай пайдасы бар?

Иса біздің басшылыққа мұқтаж екенімізді түсіндірген және Киелі кітаптағы ең басты екі өсиетті айтқан.

САБАҚ 12

Құдайға қалай жақындай аласыз?

Құдай барлық дұғаларды еститін-естімейтінін, қалай дұға ету керектігін, сондай-ақ Құдайға жақындау үшін тағы не істеу қажет екенін біліңіз.

САБАҚ 13

Жалған діндермен не болмақ?

Адамдардың барлығы жалғыз шынайы Құдайға біріккен түрде ғибадат ететін кез келе ме?

САБАҚ 14

Құдай қандай мақсатпен ұйым құрды?

Киелі кітапта шынайы мәсіхшілердің неге және қалай ұйым болып құрылғаны түсіндіріледі.

САБАҚ 15

Неге Ехоба Құдай жайлы білім ала бергеніңіз жөн?

Құдай және оның Сөзі туралы білім алғаныңыздың басқалар үшін қандай пайдасы бар? Сіз үшін қандай мүмкіндіктер ашылып тұр?