Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

13-САБАҚ

Жалған діндермен не болмақ?

Жалған діндермен не болмақ?

1. Діндердің барлығы бірдей жақсы ма?

Ақжүрек адамдар барлық дінде бар. Құдай мұндай адамдарды назарынан тыс қалдырмай, олардың қамын ойлайды. Алайда бүгінде көп адам діннің атын жамылып, зұлым істерін жүзеге асырады (Қорынттықтарға 2-хат 4:3, 4; 11:13—15). Жиі жаңалықтардан көретініміздей, кейбір діндер тіпті лаңкестік әрекеттерге, геноцид пен соғыстарға араласады және балаларға зорлық-зомбылық көрсетіп жатады. Мұндай жайттар Құдайға сенетін ақжүрек адамдардың көңілін қалдыратыны сөзсіз. (Матай 24:3—5, 11, 12 оқыңыз).

Шынайы дін Құдайға даңқ әкеледі, ал жалған діндер оған ұнамайды. Өйткені олар Құдай жайлы және өлілердің күйі туралы Киелі кітапқа негізделмеген жалған ілімдерді үйретеді. Алайда Ехоба Құдай адамдардың өзі туралы шындықты білгенін қалайды. (Езекиел 18:4; Тімөтеге 1-хат 2:3—5 оқыңыз).

2. Жалған діндермен не болмақ?

Құдайды жақсы көреміз деп ауыздарымен ғана айтатын, бірақ шын мәнінде Шайтан билеген осы дүниені жақсы көретін діндер Құдайға ұнамсыз. Бұл біз үшін қуанышты жайт емес пе? (Жақып 4:4). Құдай Сөзінде барлық жалған діндер “Ұлы Бабыл” деп аталады. Ежелде Бабыл деген қала болған. Нұхтың заманындағы топан судан кейін жалған діндер сол қаладан бастау алған. Жақында Құдай адамдарды алдайтын және оларға зорлық-зомбылық көрсететін діндерді күтпеген жерден жояды. (Аян 17:1, 2, 5, 16, 17; 18:8 оқыңыз).

Алайда Ехоба Құдай жалған дінде жүрген дүниенің төрт бұрышындағы ақжүрек адамдарды ұмытқан жоқ. Ол бұл адамдарға шындық жолын үйрету арқылы оларды жалған діннен алып шығуда. (Миха 4:2, 5 оқыңыз).

3. Ақжүрек адамдар не істеу керек?

Шынайы ғибадат адамдарды біріктіруде

Ехоба Құдай шындықты біліп, дұрыс нәрселерді істегісі келетін адамдардың қамын ойлайды. Ол мұндай адамдарды жалған діннен шығуға шақырады. Құдайды жақсы көретін адамдар оның көңілінен шығу үшін өмірлерінде қажетті өзгерістер жасауға дайын болу керек. (Аян 18:4 оқыңыз).

Бірінші ғасырдағы елшілер ақжүрек адамдарға Киелі жазбалардан тәлім бергенде, олар мұны қуана қабыл алған еді. Осылайша олар Ехоба Құдай ұсынып отырған жаңа өмір жолына — мақсаты мен үміті бар әлдеқайда бақытты өмір жолына — аяқ басты. Осы ақжүрек адамдар қуанышты хабарды қабыл алып, Ехобаны өмірлерінде басты орынға қоюларымен бізге жақсы үлгі қалдырды. (Салоникалықтарға 1-хат 1:8, 9; 2:13 оқыңыз).

Ехоба Құдай жалған діннен бас тартқан адамдарды өзінің қызметшілерінің қатарынан көруге қуанышты. Ехобаның жүрекке жылы тиетін осы шақыруын қабыл алсаңыз, онымен дос бола аласыз әрі бір сенімдегі бауырластардың сүйіспеншілігіне бөленесіз, ал болашақта мәңгі өмірге ие боласыз. (Марқа 10:29, 30; Қорынттықтарға 2-хат 6:17, 18 оқыңыз).

4. Қалай Құдай бүкіл адамзатты қуанышқа бөлейді?

Жалған діннің жақында жойылатыны қуанышты хабар емес пе? Сол кезде жер бетіндегі бүкіл зорлық-зомбылық жойылады. Енді адамзатты алдайтын әрі алауыздық тудыратын жалған дін атымен болмайды. Адамдар жалғыз шынайы Құдайға бірлікте ғибадат ететін болады. (Аян 18:20, 21; 21:3, 4 оқыңыз).