Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Сол жақта: Бруклиндегі Бетел отбасы 1926 жылы соңғы рет Исаның туылған күнін тойлап жатыр; Оң жақта: Адамдар Ехоба куәгерлерінің өзгелерге ұқсамайтынын байқайды

3-БӨЛІМ

Патшалықтың талаптары. Құдайдың әділдігіне ұмтылу

Патшалықтың талаптары. Құдайдың әділдігіне ұмтылу

СІЗ көршіңізді көріп, амандасасыз. Байқауыңызша, соңғы кездері ол сіздің отбасыңызды бақылап жүрген сияқты. Сәлеміңізді алған соң, ол қол бұлғап, сізді шақырады да: “Біраздан бері білгім келіп жүр еді, неге сіздер елден ерекшесіздер?”— деп сұрайды. Сіз: “Түсінбедім?”— дейсіз. Сонда ол былай дейді: “Сіздер Ехоба куәгері емессіздер ме? Өзге дінді ұстанатындардың ешқайсысына ұқсамайсыздар. Айтпағым — мейрамдарды тойламайсыздар, саясат пен соғысқа араласпайсыздар. Шылым да шекпейсіздер. Бүкіл отбасыңыз әдепті. Осының бәрінің себебі неде?”

Бұл сұрақтың жауабы мынаған келіп саятынын сіз жақсы білесіз: Құдай Патшалығының азаматы болғандықтан біз соның талаптарына сай өмір сүреміз. Патшамыз Иса ізбасарларын үнемі тазартып отырады. Ол бізге өз ізімен жүруге көмектеседі, соның арқасында мына зұлым дүниедегі адамдарға ұқсамаймыз. Бұл бөлімде біз Патшалықтың Құдай халқын рухани, өнегелік жағынан қалай тазартқанын, ұйымда қандай өзгерістер болғанын қарастырамыз. Ал мұның бәрі Ехобаның даңқын арттырады.

БҰЛ САНАТТА

10-ТАРАУ

Патшаның өз ізбасарларын рухани жағынан тазартуы

Исаның туған күні мен айқыш — араларында ортақ не бар?

11-ТАРАУ

Өнегелілік тазалық — Құдайдың киелілігіне еліктеу

1914 жылдан бастап Құдай халқы үшін Езекиел аянда көрген ғибадатхананың күзетшілер бөлмелері мен қақпа ғимараттарының мәні ерекше.

12-ТАРАУ

“Татулықтың Құдайына” ұйымдаса қызмет ету

Киелі кітапта тәртіпсіздік тәртіпке емес, татулыққа қарама-қарсы қойылған. Мұның себебі неде? Бұл сұрақтың жауабының бүгіндегі мәсіхшілерге қандай қатысы бар?