Мазмұнға өту

ЖАСТАРДЫҢ САУАЛДАРЫ

Ехоба куәгерлерінің жиналыстарына барудың қандай пайдасы бар?

Ехоба куәгерлерінің жиналыстарына барудың қандай пайдасы бар?

Ехоба куәгерлері Патшалық сарайы деп аталатын ғибадат орындарында аптасына екі рет жиналыс өткізеді. Сонда бұл кездесулерде не болады? Онда барудың қандай пайдасы бар?

 Патшалық сарайында не болады?

Патшалық сарайы — Киелі кітаптан пайдалы тәлім беретін орталық. Сонда өтетін қауым кездесулері саған...

  • Құдай туралы шындықты білуге;

  • бүгінде орын алып жатқан оқиғалардың түпкі себебін түсінуге;

  • жақсы адам болуға;

  • нағыз достар табуға көмектеседі.

Сен білгенсің бе? Ехоба куәгерлері жиналатын орынның Патшалық сарайы деп аталуының себебі — ол жерде көбінесе Құдай Патшалығы жайлы талқыланады (Матай 6:9, 10; 24:14; Лұқа 4:43).

 Онда барудың қандай пайдасы бар?

Ол жерден білгендерің саған пайдасын тигізеді. Ехоба куәгерлерінің жиналысында қарастырылатын Киелі кітап кеңестері саған “даналыққа кенелуге” көмектеседі (Нақыл сөздер 4:5). Яғни Киелі кітаптың көмегімен өмірде дұрыс шешімдер қабылдауды үйрене аласың. Сондай-ақ бұл кітаптан маңызды сұрақтардың жауабын табуға болады. Мысалы:

Демалыс күндері өтетін қауым кездесуінде әртүрлі тақырыпта баяндамалар айтылады. Мысалы:

  • Неге Киелі кітапты басшылыққа алу керек?

  • Қиын уақытта көмекті қайдан табуға болады?

  • Құдай Патшалығы біз үшін не істеп жатыр?

“Бірде менің бір сыныптасым жиналысқа келді. Ол менің отбасыммен бірге отырды. Біз оған кітаптарымызды көрсетіп отырдық. Жиналыстан кейін ол адамдардың талқылау кезінде айтқан түсініктемелері қатты ұнағанын айтты. Ол барып жүрген шіркеуде біздікіндей зерттеуге арналған мәліметтер жоқ екенін де айтты” (Бренда).

Сен білгенсің бе? Патшалық сарайына кіру тегін және онда ешқандай ақша жиналмайды.

Адамдармен араласып, жігерленіп қаласың. Киелі кітапта айтылғандай, Құдайға сенушілердің жиналып тұратынының бір себебі — “бір-бірін жігерлендіру” (Еврейлерге 10:24, 25). Өзімшілдік кең тараған дүниеде Құдайды және басқаларды өздерінен жоғары санайтын адамдармен араласу жанды сергітеді.

“Ауыр күннен кейін кейде көңілім түсіп, қатты шаршаймын. Бірақ Патшалық сарайындағы адамдармен араласқаннан кейін, әжептәуір жеңілдеп қаламын. Үйге қуанышты көңіл күймен қайтамын және келесі күнді қуана қарсы аламын” (Элиза).

Сен білгенсің бе? Дүниежүзі бойынша Ехоба куәгерлерінің 120 000-нан аса қауымы бар. Олар 60 000-нан аса ғибадат орнында жиналады. Жиналысқа келетіндердің саны өсіп жатқандықтан, жыл сайын орта есеппен 1500-ге жуық Патшалық сарайы соғылады a.

a Жиналыстың қай жерде өтетінін білу үшін “Ехоба куәгерлерінің қауым кездесулері” деген бетке кір. Сол жерде “Өзіңізге жақын орналасқанын табыңыз” дегенді шерт.